#религиозными объединениями

Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің қорытынды отырысы өтті
Діни бірлестіктермен  байланыстар жөніндегі Кеңестің қорытынды отырысы өтті

2023 жылдың  7 жетоқсанда облыс әкімдігі дін істері басқармасының  басшысы С.Мыңбаевтың төрағалығыменЖамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі -Кеңес)отырысы өтті.

Отырысқа Кеңес мүшелері: ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкілі- бас имам, Орыс Православие шіркеуінің дін басшысы, «Қоғамдық келісім» КММ, ҮЕҰ, облыстық полиция департаменті, әділет департаментінің өкілдері, облыстық газеттерінің бас редакторлары,облыс әкімдігінің салалық басқармабасшыларықатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес«Облыс әкімдігінің білім басқармасымен орта білім беру ұйымдарында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы» және «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл және деструктивті діни ағымдардың алдын алу жұмыстары туралы» баяндамалары тыңдалы.Кеңес мүшелері ұсынылған баяндамалар бойынша сұрақтарын қойын, жауаптарын алды.

Сонымен бірге, күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша жиынға қатысушыларға ұсынылған Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің 2024 жылға арналған  жұмыс жоспарының жобасы Кеңес мүшелерімен талқылып, мақұлданды. 

Жиын соңында діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің төрағасы, дін істері басқармасының басшысыС.Мыңбаев жыл ішінде Кеңестің жұмысына белсенді қатысқандары үшін оның мүшелеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ,салалық басқармалар мен Тараз қаласы және аудан әкімдерінемемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асырудағы алдығы жылы қойылған мақсаттар мен жоспарларды атап өтіп, бірлескен жұмыстарды ары қарай жалғастыруды ұсынды.

Новости
Дата публикации: 08.12.2023
  • 1